«Поле чудес» бағдарламасының атауы өзгеретін болды

Первый канал
«Поле чудес» – ресейлік сүйікті әрі тарихы терең хабарлардың бірі.

«Первый канал» телеарнасы «ВИД» телекомпаниясымен арадағы келісімшартты ұзартпады. Бірақ Wheel Of Fortune – Леонид Якубовичпен бірге «Наше Поле Чудес» шоуы деген атауға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Первый канал» телеарнасы ұзақ жылдар бойы өздерінде жұмыс істеген әріптестеріне алғыс білдірді. Себебі «Поле чудес» шоуы телевидение тарихына енген үздік жобалардың бірі болып қала бермек.

«Первый канал» телеарнасы Wheel Of Fortune капитал-шоуын шығарған CBS компаниясынан ресми құқықтарды иелену туралы келісімге қол жеткізді. Ал 2022 жылдың қаңтарынан бастап «Первый канал» телеарнасының эфирінде жұма күндері Ресейдің Халық әртісі және бағдарламаның көркемдік жетекшісі Леонид Якубовичпен бірге "Наше поле чудес" шоуы көрермендерге жол тартады. «Первый канал» телеарнасының баспасөз қызметі

«Поле чудес» – ресейлік сүйікті әрі тарихы терең хабарлардың бірі. Бағдарламаны алғаш эфирге шығарған авторлар Влад Листьев пен Анатолий Лысенко екенін айта кету керек. 30 жыл эфирде үзіліссіз шыққан бағдарламаның мың жарым шығарылымы болған көрінеді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды