Қазығұртта көлік тізгіндеген жасөспірім полициядан қашып, жол апатына ұшырады

Сурет: Қазығұрт АПБ баспасөз қызметі
Кәмелетке толмаған жасөспірім Қазығұрт аудандық ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді

4 желтоқсанда түстен кейін Қазығұрт АПБ патрульдік полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған бала тізгіндеген "ВАЗ-21214" маркалы автокөлікті байқады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің заңды талаптарына жүргізуші бағынбай, бағдаршамның қызыл түсін де елемей, қарсы келе жатқан көліктерді басып озып, оқиға орнынан қашты. Оның ізіне түскен полиция жол ережесін бұзушыдан "көлікті дереу тоқтатуды" талап етті. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінен қашуды жалғастырып, ақыры жоғары жылдамдықпен темір қоршауға барып соғылды. Қазығұрт АПБ баспасөз қызметі

Нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім Қазығұрт аудандық ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді.

Тексеру барысында тізгінде бала отырған "ВАЗ-21214" маркалы автокөлігі Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің біріне тиесілі екені анықталды. Ол жасөспірімнің әкесінікі екені белгілі болды. Ол көлігін жұмысы жанындағы тұраққа қалдырып кеткен. Баласының көлікті рұқсатсыз пайдаланғаны белгілі болды.

Бүгінгі күні ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі, "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды