ДДСҰ басшысы құдасы Жүрсін Ерманды қазақша құттықтады

Сурет: Кадр видеодан алынды
Тедрос Гебреисус расымен Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты

ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тедрос Гебреисус расымен Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты. Танымал ақынның жиені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорының үлкен ұлына 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Қазір бір қызы бар.

Видеоны Гебрейесус өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Құрметті Жүрсін құда, мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын, өміріңіз ұзақ болсын! Құдалығымыз мәңгілік болсын!

Арбаса нәпсі ібіліс, алаңдап қалам, ұлып іш. Көңілге неге сыймайсың, көзіме сыйған құбылыс. Рақмет!" – дейді видеода Тедрос Аданом Гебрейесус.

Қазақстан
ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды