Ұлыбритания да Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялады

Сурет: pixabay
Шыңжаңдағы адам құқықтарының бұзылуына байланысты

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон үкіметтің ресми өкілдері Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына жіберілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметі бойынша Лондон спорттық додаға қарсылығы жоқ екенін мәлімдеді.

Біз бұл мәселелерді Қытаймен бірге көтеріп жатырмыз, бұған үкіметтің күмәні жоқ. Мен Сидің өкіліне (ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин) қысқы Олимпиада ойындарының дипломатиялық бойкоты туралы айттым. Яғни біздің тараптан халықаралық шараға ешқандай министр қатыспайды. Алайда мен парламентшілерге бұл шешім спорттық шараға қатысты емес екенін айттым. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон

Естеріңізге сала кетейік 6 желтоқсанда Ақ үйдің өкілі Джен Псаки америкалық дипломаттар мен шенеуніктер олимпиада ойындарына бойкот жариялауға ниетті екенін хабарлады.

Алпауыт елдердің мұндай шешім қабылдауына "Шыңжаңдағы геноцид және басқа да адам құқықтарының бұзылуы" себеп болды деп жазады. Ұлыбританияның дипломатиялық бойкотына Австралия да қосылды.

Өз кезегінде Қытай бұл шешімді таза саяси айла-шарғы деп атап, халықаралық спорттық шараға америкалық, австралиялық саясаткерлер шақырылмағанын мәлімдеді.

Ұлыбритания
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды