Қоңқабаев британдықты ойсырата жеңіп, чемпион атанды

Сурет: Instagram/kamshybek_kunkabayev
Қонқабаев пен Уордтың жекпе-жегі 12 раундқа есептелген, бірақ Қамшыбек мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Алматыда өткен MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев британдық Стивен Уордпен жұдырық түйісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Крузервейт категориясындағы жекпе-жек бәсіне WBA Gold титулы тігілді, деп жазады Sports.kz.

Қонқабаев пен Уордтың жекпе-жегі 12 раундқа есептелген, бірақ Қамшыбек мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Жетінші раундта төреші британдықтардың қатты жарақат алуына байланысты жекпе-жекті тоқтатты. Бесінші раундта Уордтың нокдауны тіркелген еді.

Осылайша, Қонқабаев профи-рингтегі төртінші айқаста жеңіске жеңіп, WBA Gold белбеуінің иегері атанды, ал Стивен Уорд үшін бұл мансабындағы екінші жеңіліс болды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды