Швейцарияда өз-өзін өлтіруге арналған капсула заңдастырылды

Сурет: Twitter/DELPHINKAISER
Өлгісі келетін адамның ақыл-есі дұрыс болуы керек

Адамды ауыртпай о дүниеге аттандыратын 3D принтер көмегімен жасалған Sarco капсуласы Швейцарияда заңды сараптамадан өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Новая газетаның" мәліметінше, капсуланы науқас ішінен өзі іске қосады. Құрылғы кез келген жерге жеткізіледі, мысалы, бұл ашық аспан асты немесе жабық бөлме болуы мүмкін.

Өлгісі келетін адамның ақыл-есі дұрыс болуы керек. Бұл процеске қатысушылар оның өмірімен қош айтысқысы келетін ерікті шешіміне көз жеткізу үшін сұрақтар қояды. Келісім алынған соң адам капсулаға кіріп, ішіндегі түймені баса алады.

Капсула оның ішін азотпен толтыратын механизммен жабдықталған, ауадағы оттегінің концентрациясын 21% - дан 1% - ға дейін тез төмендетеді. Адам есін жоғалтпас бұрын жеңіл эйфорияны сезінуі мүмкін. Мұның бәрі шамамен 30 секунд уақытты алады. Капсуланы жасаушылардың айтуынша, науқас тұншыққанын сезбей қалады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды