Димаш Құдайберген: Халқымыздың татулығын сақтау – біздің басты мұратымыз

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Есімі бүкіл әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Өнер иесі өзінің жүрекжарды құттықтауында халықты елдің ауызбірлігін сақтауға шақырды.

Құрметті отандастар! Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз ел болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Рухы биік, намысы берік ұлтымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау,  халқымыздың татулығын сақтау. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс, несібе тілеймін. Еліміздің  дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Ұлттық, мемлекеттік рухымыз асқақ болғай! Әнші Димаш Құдайберген
Қазақстан
Тәуелсіздікке 30 жыл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды