Биолог «омикрон» штаммнан қорғанудың екі тәсілін айтты

Сурет: zakon.kz
Биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова бетпердені дұрыс тағу және дәріханаларға барудан бас тарту коронавирустың "омикрон" штаммынан қорғауға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Lenta.ru мәліметінше, ең алдымен, биолог медициналық бетпердені тек иекке тағуды доғарып, онымен мұрынды жабу арқылы дұрыс қолдануды ұсынады.

Сондай-ақ, оның айтуынша, үйдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын толықтырып, әдеттегі керекті дәрі-дәрмектерді алдын-ала сатып алған жөн.

Дәріханалар коронавирустың таралу нүктесі болуы мүмкін. Аурудың бастапқы кезеңінде адамдар парацетамол үшін дәріханаға баратынына күмәнім жоқ. Сол арада түшкіріп-пысқырады, ал оның артында кезекте бетпердені иекке тағып алғандар инфекцияны жұқтырып, оны ары қарай таратады. Биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды