Жердің әрбір 30-шы тұрғыны коронавирус жұқтырған

Сурет: pixabay
Жердің әрбір 30-шы тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Zakon.kz

Жалпы, Сovid-19 пандемиясы басталғаннан бастап 270 миллионнан астам адам инфекция жұқтырды, делінеді ТАСС статистикасында.

Бұл дегеніміз, жердің әрбір 30-шы тұрғыны коронавирус жұқтырды деген сөз, бірақ әлем елдері инфекцияны қайталап жұқтырып алушылардың статистикасын жариялай бермейтіндіктен бұл есепте кішкене қателіктер болуы мүмкін.

Сонымен қатар, әлемде инфекцияның салдарынан қайтыс болушылардың саны да азайып келеді: соңғы жеті күнде 50,1 мың науқас қайтыс болды, бұл өткен аптаның көрсеткішінен 2,2 мыңға аз. Пандемия құрбандарының жалпы саны 5,3 миллионнан асты, яғни әрбір инфекция жұқтырған 50-ші адам коронавирустың кесірінен қайтыс болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды