Алматыда тарихи ескерткіштің қасбетін қайта жөндеу басталды

Сурет: ҚР Президентінің Іс басқармасының баспасөз қызметі
Алматыда тарихи ескерткіштің қасбетін қайта жөндеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл құрылыс В.И.Ленин музейі кешені ретінде кеңестік жылдары әзірленген болатын. 1986 жылы объектінің құрылыс жұмысы тоқтатылды, нысанның пайдалануға дайындығы сол кезде 90%-ды құраған. Жеті жылдан кейін 1993 жылы құрылыс жаңартылды, бірақ ғимараттың жобасы өзгертіліп, Қазақстан Президентінің резиденциясы ретінде құрылыс жалғастырылды. Құрылыстың аяқталған күні 1995 жыл деп белгіленген.

Жобаның авторлары: Қалдыбай Монтахаев, Сұлтан Баймағамбетов, Құмарбек Нұрманбетов, О.Цай.  Құрылысшы – Талғат Алпысбаев. Астанаға көшкеннен кейін ғимарат резиденция мәртебесін сақтап қалды, 2000 жылы резиденция кешені Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген болатын.

Ғимарат мемлекеттік күзеттегі объектіге жатады. Қасбетті қайта жөндеу объектінің сыртқы көрінісін өзгертпейді: жұмыстар қатаң түрде тарихи нұсқадағы өлшемдерге сәйкес жүргізілетін болады.ҚР Президентінің Іс басқармасы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды