ПТР-сынамасының бағасы арзандады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға жағдайын қадағалау және COVID-19-ға ПТР-тестілеуді өткізу бойынша зертханалық қызметтер нарығында бағаны арзандату бойынша оң нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

2021 жылы 6 желтоқсанда Ұлттық сараптама орталығы COVID-19-ға ПТР-тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін арзандатты. Айта кетейік, Ұлттық сараптама орталығы еліміздің 17 өңірінде қызмет көрсетеді.

ПТР-сынамасын тапсыру құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге дейін, Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін арзандатылды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР-тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін арзандатты.

Ал республика бойынша филиалдары бар ірі желілік зертханаларда COVID-19 ПТР-тестілерінің бағасы (7,4 мың теңге) бұрынғы күйінде қалды.

Қазақстан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды