Желтоқсан оқиғасына қатысты деректі жинақ жарық көрді

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Желтоқсан. Декабрь. 1986. Документальная хроника» атты ғылыми еңбектің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚазАқпараттың хабарлауынша, кітап Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған.

Желтоқсан оқиғасының қатпарлы сырларын паш ететін еңбекті құрастырып, оқырман қауымға ұсынған — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы.

Аталмыш шараға тарихшы ғалымдар, желтоқсаншылар, зерттеуші жастар қатысты.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттық материалдар топтастырылған жинақ 3 бөлімге бөлініп, хроникалық ретпен берілген.

Бірінші бөлімде 1986 жылғы желтоқсан айындағы партия, мемлекет және құқық қорғау органдарының ресми құжаттары топтастырылса, екінші бөлімде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері мен жағдайы жайындағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиум Комиссиясының зерттеу материалдары берілген.

Үшінші бөлімде ҚР Конституциялық Соты (1992-1994) қарастырған құжаттық материалдар тізбегі жинақталған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды