Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда карантин талаптары тағы да күшейтілуі мүмкін. Дәрігерлер сырқатқа шалдыққандар көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ел астанасының "Жасыл аймаққа" өткеніне бір апта ғана болды. Бірақ жағдай қайта ушыққан. Бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 7 адамға өсіпті. Жалпы, республика бойынша бір күнде 416 жағдай тіркелген. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда, 47 науқасқа көп. Әсіресе дертті жұқтыру дерегі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы көш басында тұр, делінген Астана телеарнасының жаңалығында.

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коновирустан 6 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Ал пандемия басталғалы 13 мыңға жуық науқас көз жұмған. 1 миллионға жуық адам аурудан емделген. Мамандар тұрғындарға бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап жүруге кеңес береді.

Нұр-Сұлтан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды