Ресейде тұтқындалған қазақ журналисі босатылды

Сурет: Instagram.com/nazgulkenzhetay
Ресейде тұтқындалған журналист Назгүл Кенжетай босатылды. Бұл туралы заңгер Абзал Құспан мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл жаңалықты заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, халықтан сүйінші сұрады.

Жаңа жыл алдындағы сүйінші хабар! Қазір ғана хакастық әріптесім Аяс Тюньдешев бауырымнан хабар алдым. Бүгін, жоқ, осы қазір, апелляциялық алқа Назгүл Кенжетай қарындасымыз бен түркиялық бауырымыз Мухаммет Эминді босату туралы шешім қабылдады! Осы жолы ҚР Сыртқы істер министрлігіне респект. Досай аға, жеңіс құтты болсын! Адвокат Абзал Құспан

Еске сала кетейін, Назгүл Кенжетай Хакасия республикасында Ресейдегі түркі қауымдарының өмірі туралы деректі фильм түсіріп жүрген кезінде тұтқындалған еді. Оны әріптесімен бірге РФ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімі ұстап әкеткен еді. Назгүл мен әріптесіне Ресейге кіру тәртібін бұзды деген айып тағылып, екеуі Абақандағы уақытша ұстау орнына қамалған болатын.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды