ШҚО-да оқушыларға қырғидай шүйліккен мектеп директоры қатаң сөгіс алды

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры вакцина алғысы келмеген оқушыларға айғайлап, ұрысқаны үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Әлеуметтік желіде вакцина алмағаны үшін оқушыларды жерден алып, жерге салған Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің директорының аудиожазбасы тарады.

51 мектептің 49-ы вакциналаудан өтті. Неден қорқасыздар? Неге вакцинаға бармайсыздар? Мұнда кел, сенің атың кім? Неге вакцина алмағансың? Директор

Білім министрлігі бұл аудиожазбаға қатысты тексеру жүргізілгенін хабарлады. Ұрысқан күннің ертеңінде директор оқушылардан кешірім сұрағаны белгілі болды.

Бірақ ол педагогикалық этиканы бұзды, сондықтан ШҚО әкімдігінің білім басқармасы директорға қатаң сөгіс жариялады.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды