Токсиколог: Гибридті иммунитет «омикроннан» жақсы қорғайды

Сурет: Zakon.kz
Ресейлік жоғары санатты терапевт-дәрігер, токсиколог Алексей Водовозов гибридті иммунитет ағзаны COVID-19-дың "омикрон" штаммынан еселеп қорғай алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Sputnik радиосына берген сұхбатында Водовозов егер адам бірінші рет "дельта" штаммын, ал екінші рет "омикронды" жұқтырған болса, онда Covid-19 қайта жұқтыру қаупі жоғары екенін жеткізді.

Егер коронавирустың бұрынғы штаммын жұқтырған болсаңыз, бұл іс жүзінде "омикроннан" қорғай алмайды. Вакцинаның екі дозасы аурудан кейін қалыптасқан иммунитеттен гөрі жоғары нәтиже көрсетеді. Бірақ, өкінішке қарай, тіпті "омикроннан" қорғаудың мұндай көрсеткіштері "дельта" штаммына қарсы вакциналар берген қорғаныспен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Дельтаға қарсы барлық вакциналар өте жақсы жұмыс істеді. Дәрігер-терапевт, токсиколог Алексей Водовозов

Ол COVID-19-ға қарсы вакцина алу кез келген жағдайда қажет екенін айтты, өйткені вакцина орын алған жағдайлардың басым көпшілігінде аурудың ауыр және орташа ауыр жүруінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар токсиколог вакциналау аясында аурудың оңай жүретінін атап өтті, өйткені қолданыстағы COVID-19 вакциналары ауыр жағдайлардан, өлімнен қорғайды, жасанды тыныс алу аппаратына қосылуға жеткізбейді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды