Батыс Қазақстан облысында 40-қа жуық елді мекен жарықсыз қалды

Сурет: Zakon.kz
Сондай-ақ Орал қаласының кейбір ықшамаудандарында су жоқ. Бұған табиғаттың мінез танытуы себеп, деп хабарлайды Zakon.kz

Өңірде ауа температурасы 5 градус суық. Қатты жел тұрып, айналаны апай-топай етті. Қолайсыз күн райы коммуналдық желілерге зақым келтіріп жатыр. Қазірдің өзінде Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала, Бөрлі, Жәнібек, Жаңақала аудандары және Орал қаласының тең жартысы жарықсыз отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Электр желілеріне жауапты компания тарапынан 32 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылды. БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сонымен қатар облыс орталығының кейбір шағынаудандарында ауыз су тоқтап қалды.

Қолайсыз ауа райы салдарынан жерасты сутартқысының сорғы станцияларындағы кернеудің төмендеуіне байланысты сорғылар бұзылды. Қалалық су құбыры желілеріндегі қысым төмендеді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орал қаласының сумен қамту кәсіпорыны
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды