Алкоголь өнімін қолдан жасаған түркістандық азамат ұсталды

Сурет: facebook./afm.rk
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жалған есептік-бақылау маркалары бар алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цехты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Құркелес ауылының тұрғыны М.Мейрбеков «Синяя гора», «Қызылжар», «Құлан» және тағы да басқа алкоголь өнімдерінің белгілі маркаларын заңсыз әрі антисанитарлық жағдайда өндіріп келген.

Оқиға орнын тінту барысында 930 есептік-бақылау маркалары, 2647 жарты литрлік түрлі маркалы арақ бөтелкелері, 200 литр құрамында спирті бар сұйықтық, сондай-ақ алкоголь өнімдерін құюға және жасауға арналған этикеткалар, қақпақтар тәркіленді.ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Аталған дерек бойынша ұсталған М.Мейірбеков сотталды.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды