Омырауын үлкейтуді қалайтын еркектер көбейіп барады – мамандар

Сурет: pixabay
Тек Қазақстанда ғана емес жер бетіндегі ер азаматтар кеудесін үлкейту үшін жаппай пышаққа түсіп әлек. Бұл туралы халықаралық эстетикалық пластикалық хирургия қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Korrespondent басылымының мәліметінше, 2020 жылы әлем бойынша 22 568 ота жасалып, соншама еркек төсін ұлғайтқан.

Алайда, 2171 ер адам көп ұзамай шешімін өзгертіп, кеудесіне салған импланттарды алып тастапты.

Былтыр жалпы кеуде бұлшық етін ұлғайту бойынша 10,1 миллион хирургиялық және 14,4 миллион хирургиялық емес процедура жасалған. Осы күндері кеудені үлкейтуге тек әйелдер ғана емес ерлер қауымы да білек сыбана кіріскен. Сонымен қатар ер азаматтар арасында липосакция, қабақтың пластикасы, ринопластика, ішті тарту операцияларына да сұраныс артқан.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды