Алматы облысында әуе шарын жел ұшырып әкетті

Сурет: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Алматы облысында ұшу жөніндегі нұсқаушы мінген әуе шарын жел ұшырып әкетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқыс оқиға "Ақ бұлақ" тау шаңғы кешенінің аумағында болған. Қатты желдің салдарынан қауіпсіздік арқандары үзіліп, ішінде кісі бар әуе шары тауға қарай бет алды.

Бұл туралы ақпарат Алматы облысының ТЖД пультіне 2021 жылғы 1 қаңтарда сағат 16:43-те келіп түсті.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Талғар қалалық №2 МӨСБ-нің (жеті қызметкер, екі техника) және республикалық жедел-құтқару жасағының (жеті қызметкер, бір техника және кинологиялық құрам) қызметкерлері мен құралдары дереу жетті. Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Тәжірибе мен біліктігінің арқасында нұсқаушы тау басына өздігінен қонды.

Талғар қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Солдатсай шатқалынан нұсқаушыны тауып, оны қауіпсіз жерге жеткізді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды