Өңірдегі жағдайға байланысты Маңғыстау облысында қоғамдық штаб құрылды

Сурет: primeminister.kz
Оның құрамына Парламент мәжілісінің депутаттары мен қалалық мәслихат депутаттары, ақын, журналистер кірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Комиссия мүшелерінің мәлімдеуінше, қоғамдық штабтың мақсаты – елдің талабын үкімет комиссиясына жеткізіп, сұйытылған мұнай-газ мәселесін шешуге атсалысу.

Ел өзінің уәжін билікке жеткізіп, талаптарының орындалуын сұрауда. Бұл дұрыс деп есептейміз. Осы мәселеге байланысты Маңғыстаудың бірнеше азаматтары қоғамдық штаб ұйымдастырды. Штаб мүшелері осы ауылдың өзіміз танитын жігіттерінен құралып отыр.

Жедел құрылған штабтың құрамында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Е.Жаңбыршин, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты С.Мұсабаев, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты А.Өрісбаев, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты А.Сүгірбай, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Ерсайынұлы Уәйс, ақын, журналист Бимағамбет Әнуар, журналист Алмас Алтай бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды