Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер бірнеше азық-түлік киоскілерін тонап кеткен

Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер бірнеше азық-түлік киоскілерін тонап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2026 21:46 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер нан және гриль тауық сататын киоскілерді тонап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz сайтының жазуынша, Алтай қаласы әкімдігінде өткен жиында 20 қаңтардан 21 қаңтарға қараған түні қалада екі сауда нысанынан ұрлық жасалғаны айтылған. Күдіктілер нан сататын дүңгіршекке және гриль тауық сататын павильонға заңсыз кірген.

"Бейнебақылау камераларындағы жазбалардың көмегімен полиция күдіктілерді анықтай алды. Олар — екі кәмелетке толмаған жасөспірім. Оның бірі Алтай қаласының тұрғыны, екіншісі Өскемен қаласынан келген", – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер ақшаны ұрлап, кейін таксимен Өскеменге кеткен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: