Алматыда ХҚКО-лар өз жұмысына кірісті

Сурет: gov.kz
Алматы қалалық ХҚКО-лары өз жұмысына кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz

Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қалалық ХҚКО-лары 11 қаңтардан бастап қызмет көрсете бастады. Клиенттерге төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу, көші-қон қызметтерінен өзге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, әзірге еліміздегі барлық мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысы тоқтап тұр.

Қазіргі таңда ХҚКО-лар тек Алматы облысында жұмыс істемейді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды