Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде судья опат болған

Сурет: Facebook/Almaty Qalalyq Soty
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде аудандық соттың судьясы Мұрат Абраев опат болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абраев Мұрат Советұлының қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болғанын хабарлайды.

Алматы қалалық сотының басшылығы, Алматы қаласы бойынша Соттар Әкімшісі марқұмның отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

2022 жылы қаңтар айының басында Қазақстанда тәртіпсіздіктер басталды. 11 қаңтардағы мәлімет бойынша, еліміз бойынша 9 900 адам ұсталды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды