Елордада кинотеатрлар мен театрлар қайта жабылады

Сурет: pixabay
Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қалада енгізілетін шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Өздеріңіз білетіндей, елордада «омикрон» штамын жұқтыру деректері анықталды. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қала тұрғындарының маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамауымен, вакцинацияны ескермеуімен байланысты, бұл қала аумағында «омикрон» контагиозды штамының тез таралуына ықпал етеді және шектеу, карантин шараларын қатаңдатуды талап етті.Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің «қызыл» аймақ бойынша қаулысына сәйкес шектеулерден басқа, елордада тыйым салынған:

Ashyq жобасына қатысушы объектілерде 30 адамға дейін ас беруді қоспағанда, ашық ауада да, үй ішінде де, отбасылық, естелік іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды өткізуге;

Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, филармониялардың, театрлардың, концерт залдарының, цирктердің, кинотеатрлардың; діни бірлестіктер: мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар объектілерінде және аумағында ұжымдық іс-шаралар өткізу.

Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану объектілерінде конференциялар, көрмелер, семинарлар, форумдар өткізуге, түнгі клубтардың қызметіне, караоке, барларға қызмет көрсетуге тыйым салынды.

Қазақстан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды