Қуат Хамитов спорттық мансабын аяқтады

Сурет: instagram/kuat__khamitov
33 жастағы ММА спортшысы, үш дүркін әлем чемпионы Қуат Хамитов спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Спортшы болған жайтты өз аузымен айтуды жөн көрген. Instagram парақшасында жарияланған видеода Қуат Хамитов сөз басын тәртіпсіздік салдарынан қайтыс болған азаматтардың жақындарына көңіл айтудан бастады.

Спортшы Батыстағы ағайынды қолдау мақсатында бейбіт шеруге шыққанын мойындады. Дегенмен өзін неге ұстап әкеткенін түсінбейтінін мәлімдеді. Оған қоса, құқық қорғаушы органдардың іс-әрекеті заңсыз екенін тілге тиек етті. Себебі заңға қайшы ешқандай әрекет етпегенін, қала ғимараттарын бүлдірмегенін айтты.

Сөз соңында Қуат Хамитов әлі 5 жыл жұдырықтасуды жоспарлағанын, алайда соңғы болған жағдайларға байланысты спорттық мансабын аяқтайтынын жеткізді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды