Елена Рыбакина 2026 жылғы "Уимблдонды" жеңіп алуы мүмкін - Ұлыбританиялық сарапшылардың болжамы

Елена Рыбакина 2026 жылғы "Уимблдонды" жеңіп алуы мүмкін - Ұлыбританиялық сарапшылардың болжамы , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 11:28 Сурет: Instagram/wta
Ұлыбританиялық TNT Sports арнасының эфирінде 2012 жылғы Олимпиаданың жұптық санатындағы күміс жүлдегер Лора Робсон 2026 жылы "Үлкен дулыға" турнирлерінің чемпиондары кім болатыны жөнінде өз болжамын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz жазуынша, бұрынғы британдық теннисші Австралия ашық чемпионатында ерлер арасында Янник Синнер, ал әйелдер арасында Арина Соболенко жеңіске жетеді деп есептейді.

Оның болжамы бойынша, "Ролан Гаррос" турнирінде Карлос Алькарас пен Ига Швёнтек, "Уимблдонда" Карлос Алькарас пен қазақстандық Елена Рыбакина, ал US Open жарысында Янник Синнер мен Аманда Анисимова чемпион атанады.

Лора Робсон 2026 жылы "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт финалының барлығында Янник Синнер мен Карлос Алькарас бір-біріне қарсы ойнайды деп болжады.

Сондай-ақ ол Арина Соболенко маусым соңында қайтадан әлемнің бірінші ракеткасы атанса, ал ерлер арасында Янник Синнер Карлос Алькарасты рейтинг көшбасшылығынан ығыстырады деп санайды.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2022 жылы "Уимблдон" турнирінде жеңіске жеткен болатын.

Бұған дейін Путинцеваның Australian Open турниріндегі әрекеті желіде қызу талқылануда екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: