Ауа райының қолайсыздығына байланысты бес өңірде жолдар жабылды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Еліміздің бірқатар өңірлерінде қар жауады, көктайғақ болады, жел минутына 15-20 метр жылдамдықпен соғады деп болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ деректері бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты бес өңірдегі: Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар жабылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Азаматтарды ауа райындағы өзгерістерді бақылап, оны есепке алуды ескертеміз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын елемей қоюға болмайды және мұндайда қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қысқы кезеңде елді мекендерге, алыс жолға көлікпен шықпас бұрын міндетті түрде ауа райы болжамын, жолға қатысты ақпараттарды зерделеп алған жөн. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды
Павлодар
Орал
Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды