Шетелдегі қазақстандық туристер елге қайта бастады

Сурет: Zakon.kz
Шетелде қалып қойған қазақстандық туристерді елге қайтару жағдайы туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік таратқан ақпарға сай 6-17 қаңтар аралығында Қазақстанға 90-ға жуық тұрақты және 30 чартерлік авиарейс арқылы 7361 турист қайтарылды.

17 қаңтардағы рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Тайландтан 192, Шри-Ланкадан 25, Мальдивтен 34 және Гоадан 24 турист елге оралады деп күтілуде.

Осы жылдың 19 қаңтарына дейін барлық ұйымдастырылған туристер Қазақстанға қайтады.

Шетелдегі барлық туристерге рейстердің ауысатыны туралы хабарланды. Туроператорлар өздерінің есебінен Қазақстанның елшіліктері арқасында туристерді шетелдік қонақүйлерде орналастыруды қамтамасыз етті. Қазақстанға келетін туристерді тасымалдау және орналастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Атқарылған іс-шаралар «Туристік Қамқор» КҚ күшімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды