Алматыда қалыңдығы шамамен сегіз сантиметр болатын қар түсті

Сурет: Алматы өңірлік коммунальдық қызметі
Қалада жол тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 қаңтарда Алматы қаласында сағат 16: 15-тен бастап қар жауа бастады. 21:00-де қаланың жоғарғы бөлігінде жауған қардың қалыңдығы алты-сегіз сантиметрді құрады. Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар түсе бастағаннан бастап жолдарға арнайы материалдар себілді. Оның 1100 тоннасы пайдаланылды. Алматы өңірлік коммунальдық қызметі

Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда, сондай-ақ негізгі магистралды көшелерде қар тазалау жұмыстары жүргізілетіні нақтыланады. Тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдық көлік аялдамалары, жалпы қоғамдық ашық орындарға қатысты тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Қала бойынша түнде 535 арнайы техника, оның ішінде 208 құм шашатын көлік жұмыс істейді. Одан бөлек 338 жұмысшы жұмылдырылды.

"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, қар аралас жауын-шашын 20 қаңтарда түстен кейін дамылдайды деп күтіледі.

20 қаңтарда ауа температурасы түнде 0, -2 градус, күндіз +1, +3 градус болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды