Илон Маск күннен қуат алатын смартфон шығарды

Сурет: tesla
Tesla компаниясы күн сәулесінен зарядтауға болатын алғашқы смартфонды таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Tesla Phone-ның мүмкіндігі жоғары әрі бүгінгі таңда нарықтағы ең мықты смартфондармен бәсекеге түсе алады.

Смартфонның ерекшелігі – жарты сағат ішінде күн сәулесімен 20% қуаттауға қабілетті. Күн панелі құрылғының артқы жағында орналасқан.

Телефонды электр қуатын іздемей-ақ, алаңсыз саяхатқа алып шығуға болады. Ал қолданыстағы көп смартфонда мұндай мүмкіндік жоқ.

Сонымен қатар, Tesla Phone Starlink ғаламдық спутниктік жүйесіне тікелей қосылып, кез келген жерден жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті еркін қолдана алады. Смартфон сатып алушылар үшін желі тегін және шексіз қолжетімді болады.

Сурет: tesla

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды