Алматының Түрксіб ауданында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

Сурет: Zakon.kz
26 қаңтар сағат 00:00-ден 27 қаңтар 00:00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операция режимі енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен мүшелерінің ұсталғанын хабарлады.

Күдіктілер қаңтардың 4-і мен 6-сы аралығында Алматыда мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға жасалған қарақшылық шабуылға қатысқан. Ұстау кезінде қару-жарақ (тапаншалар, шолақ мылтықтар, патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді.

"Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауларыңызды, заң талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз", – делінген  Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб таратқан хабарламада.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды