Тараздағы полиция ғимаратында граната жарылды

Сурет: pixabay
Тараздағы полиция ғимаратындағы тазалау жұмыстары кезінде шулы жарық гранатасы жұмысшының қолында жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Осы күндері полиция басқармасы ғимараты айналасында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ғимарат қатты зақымданған. Оны қалпына келтіруге мердігер компания тартылды. Осы мекеменің жұмысшысы шулы жарық гранатасын тауып алған.

Ол қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Граната жарылып, бірнеше саусағын жұлып кеткен. Жұмыскер шұғыл Тараз қаласы ауруханасына жеткізілді. Тараз қалалық полиция департаменті

Ведомствоның мәліметінше, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары басталмас бұрын мердігер компаниялар мен қызметкерлерге қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы құралдар табылған бойда кезекші полицейлерге хабар беру қажеттігі туралы ескертілген.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 200 АЕК-ке (612 600 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды