Apple рекордтық табыс тапты

Сурет: pixabay
Apple компаниясының тоқсандық кірісі рекордтық 123,9 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Корпорацияның таза пайдасы шамамен 20 пайызға артқан.

Желтоқсан айындағы сұраныстың төмендеуі туралы хабарламаларға қарамастан, Apple-дің ең тиімді өнімі қайтадан iPhone болды. Оны сатудан түскен кіріс өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға өсіп, 71,6 миллиард долларға жеткен.

Mac сатылымы компанияға 10,8 миллиард доллар пайда әкелген.

Apple компаниясының басшысы Тим Кук "осы тоқсанда рекордтық нәтижеге жетуімізге инновациялық өнімдерміз бен қызметтер желісі әсер етті", — деді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды