Бұрқасын, тұман: 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz
ҚР солтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөліктері өтетіндіктен, ауа райы тұрақсыз болады, қар түрінде жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік жартысына антициклон жотасы әсер етеді, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі."Қазгидромет" РМК

Ақмола облысының солтүстік жартысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел болады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман, облыстың шығысында 15-20 м/с-ке дейін жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, облыстың батысында тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с жел тұрады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктері аудандарында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде және орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел күшейеді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды