Қазақстан Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындарын бастады

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
3 ақпанда Қазақстан құрамасы XXIV қысқы Олимпиада ойындарында өнер көресете бастайды. Сайыс алаңына бірінші болып шығу құрметі фристайл-могул командасына бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де шығады. Сайысты Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Іріктеу кезеңіне бірден алты спортшымыз қатысады.

Әйелдер құрамасының сапында 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Юлия Галышева, әлем чемпионатының қола жүлдегері Анастасия Городок, Аяулым Әмренова және Олеся Граур бар.

Жарыстың ерлер құрамасында әлем кубогінің жүлдегері Дмитрий Рейхерд пен әлем чемпионатының қола жүлдегері Павел Колмаков өнер көрсетеді.

Финалдық раундқа өту үшін спортшылар іріктеу нәтижесі бойынша үздік ондыққа кіруі керек.

Финалдық раунд пен жүлдегерлерді анықтау сайысы ерлер арасында 5 ақпанда, әйелдер арасында 6 ақпанда өтеді. Финалдық раунд Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталады, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды