«Омикроннан» маска қорғайды – жапон ғалымдары

Сурет: pixabay
Жапонияның Riken физика-химиялық зерттеулер ғылыми институтының ғалымдары «омикрон» штамына қарсы күресте масканың тиімді қорғау құралы екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Егер ауру адам бетперде кимеген болса, тасымалдаушыдан covid-19 жұқтыру қаупі 100 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Зерттеушілер суперкомпьютердің көмегімен әртүрлі жағдайларды модельдеді. Зерттеу кезінде 15 минут ішінде коронавирус тасымалдаушысымен сөйлескеннен кейін адам ағзасының реакциясына бақылау жүргізіліпті.

Сарапшылар науқас маска тағып, онымен бір метр немесе одан да көп қашықтықта сөйлесетін болса, инфекция жұқтыру қаупі нөлге жақын болатынын анықтады. Сондықтан олар вакцина салдыру, қауіпсіз қашықтықты ұстану және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану бойынша талаптарды сақтау қажеттігін айтты.

Қазақстан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды