Балалар коронавирусты қайдан жұқтыратыны белгілі болды

Сурет: pixabay
Профессор, Ресейдегі Орталық ғылыми-зерттеу институты өкілі Наталья Пшеничная балалар көбіне отбасы ортасында covid-19 инфекциясын жұқтыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Маманның айтуынша, екі жасқа дейінгі балалар инфекцияға өте сезімтал келеді. Себебі олардың иммун жүйесі маусымдық инфекциялармен әлі таныспаған.

Вирусты негізінен ересектерден, отбасы ортасынан жұқтырған балалар арасында ауру көбейді. Кез келген жастағы бала коронавирус жұқтырып, ауыруы мүмкін. Бірақ екі жасқа дейінгі балаларда бұл кезең қиынырақ өтеді.Профессор Наталья Пшеничная

Сарапшының мәліметінше, инфекция көбіне өкпеге жақын орналасқан бронхтардың ең төменгі бөліктеріне түсіп, ентігуге, жөтелуге әкеледі.

Бұған дейін ресейлік педиатрлар Андрей Продеус пен Евгений Тимаков "омикрон" штамымен ауырған балаларда болатын круп синдромы туралы айтқан еді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды