«ВКонтакте» желісінде ақау орын алды

Сурет: pixabay
Танымал интернет-ресурстардың қызметін бақылайтын Downdetector мәліметіне сәйкес, әлеуметтік желі жұмысындағы ақаулар Ресейде байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС хабарлағандай, кейбір пайдаланушыларда әлеуметтік желіге қосылу кезінде проблемаларға тап келуі мүмкін, бірақ қазіргі уақытта жүйені қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кем дегенде 53 637 проблемалық есеп тіркелді.

Пайдаланушылардың көпшілігі (54%) веб-сайттың істен шығуына, 40% – қосымшаның істен шығуына, 6% – әлеуметтік желідегі профиль проблемаларына шағымданды. Шағымның көбісі Мәскеу, Санкт-Петербург, Нижний Новгород аумағында тіркелуде. Беларусь еліндегі кейбір пайдаланушылар да қызмет жұмысында туындаған ақауларға шағымданған.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды