Ақтөбе облысында үй өртеніп, егіз бала опат болды

Сурет: Facebook/ДЧС Актюбинской области
Қобда ауданы Қызылжар ауылында қайғылы оқиға орны алды. 3 ақпанда кешкісін жекеменшік үй отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенге дейін ерікті адамдар өртті өз беттерімен сөндірген. Ең жақын өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық 80 шақырым екені айтылады.

Үйде 2017 жылы туылған егіз бала болған, өкінішке қарай олар түтінге тұншығып мерт болды. Өрт шыққан кезде үй иелері жұмыста болған.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ақтөбе облысы ТЖД тұрмыстық жағдайда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және мүмкіндігінше балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар, делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды