Алматы облысында көлден екі адамның денесі табылды

Сурет: pixabay
Балқаш ауданы Құйған ауылының екі тұрғыны мотоциклмен Жамбыл облысының Шығанақ ауылына қарай шығып, содан бері із-түссіз кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы рет 37 және 35 жастағы ер адамдар 3 ақпанда байланысқа шыққан. Олардың бірі әйеліне хабарласып, өздерінің адасып кеткенін айтқан.

Келесі күні олардың денесін Балатопар ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы Құйған ауылының тұрғындары Балқаш көлінен тапты (қатып қалған), мотоцикл көлге батып кеткен.

Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта көлдегі мұздың қалыңдығы - үш-бес сантиметр.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан сақтық шараларын сақтауды және қатпаған, жұқа мұз бетіне шықпауды сұрайды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды