Twitter «жаратпаймын» деген тетікті сынап көруде

Сурет: pixabay
Twitter-ді жасаушылар "жаратпаймын" деген тетікті сынау арқылы аудиториясын кеңейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы сервисті жасаушылардың ресми парақшаларының бірінде айтылды.

Жаңашылдық Twitter сайтында және Android платформасына арналған мобильді қосымшада пайда болады, ал бұрын бұл функцияға тек iOS операциялық жүйесінің пайдаланушылары ғана қол жеткізе алды.

Twitter дизлайкты тестілеуді өткен жылы бастаған болатын. Сонымен қатар, компания осы функция түрін атауда "дизлайк" сөзін пайдаланбауға шақырады.

Сарапшылар функция қарапайым болып көрінгеніне қарамастан, оны енгізу көп ойлануды қажет еткенін атап өтті. Өйткені адамдар бұл функцияны бір-біріне деген көңіл толмаушылықты білдіруі үшін пайдалануы мүмкін. Ал бұл арадағы мақсат - адамдардың қарым-қатынас сапасын жақсарту. Алдын-ала жүргізілген сынақтар пайдаланушылардың бұл функцияны қорлайтын немесе қолайсыз деп қабылдаған жағдайларда басатындығын көрсетті.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды