WhatsApp пен Telegram басқа елдерде де дұрыс жұмыс істемей тұр

Сурет: Pixabay
WhatsApp пен Telegram қолданушылары мессенджерлердегі ақау туралы айтып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.20 шамасында қазақстандықтар мессенджерлердің жұмысындағы ақауға шағымдана бастады.

Сонымен қатар Telegram Ресейде де дұрыс жұмыс істемей тұр. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу уақыты бойынша 11.55-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14.55) 186 шағым тіркелген. Қолданушылардың 41%-ы қолданбадағы ақауларға, 32%-ы серверге қосылу ақауларына шағымданған. Тағы 27%-ы хабарламаларды жібере алмаған.

Украина, Беларусь, Германия және бірқатар басқа елдердің тұрғындары да Telegram мессенджеріндегі қиындықтарға тап болып отыр.

Беларусь
Германия
Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды