Ресейде ер адам сүйіктісінің баласын ваннадағы суға батырып өлтірген

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 13:03 Фото: Zakon.kz
Ресейдің Орынбор облысы, Бузулук қаласының тұрғыны сүйіктісінің баласын ваннада суға батырып өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оренбург облысы бойынша Ресей Қылмыстық тергеу комитетінің деректері бойынша, оқиға 6 қаңтар түнде Бузулук қаласындағы Гая көшесіндегі пәтерде болған.

Тергеу нұсқасы бойынша, 21 жастағы ер адам балаға күш көрсетіп, оны ваннадағы суға батырып, бала тіршілік белгісін тоқтатқанша ұстап тұрған. Жас жігіт ұсталып, сұрақ-жауапқа алынды, белгілі болғандай, күдікті өзінің кінәсін толық мойындаған.

Оренбург облысының бірлескен сот баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам сүйіктісінің 2024 жылы туған ұлын өлтірген. Қылмыс жасалған сәтте ол мас күйде болған.

"Бала жылаған, бұл ер адамға кедергі болды. Ол алдымен баланы ұрған, сосын ваннада суға батырып өлтірген. Ал, ішімдікке сылқия тойып алған ана бұл сәтте ұйықтап жатқан", – деп мәлімдеді басылым.

Қылмыстық кодекстің "Әдейі қорғансыз күйдегі адамды өлтіруі" бабы бойынша іс қозғалған. Қылмыскер қамауға алынды.

Бұған дейін Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: