АҚШ шекарасын робот иттер қорғайды

Сурет: Courtesy Ghost Robotics
Робот ит кез келген жерде патрульдей алады. Мұндай иттер баспалдақта да, тас-жартаста да, төбелерде де еркін жүре алады, деп хабарлайды Zakon.kz

Оңтүстік-батыс шекарадағы АҚШ шекарашылары енді робот иттер патрульдерін пайдаланады. Бұл туралы АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің баспасөз хабарламасында айтылды.

АҚШ шекара қызметі офицерлері ойлы-қырлы жерлерде жоғары температурада, ылғалда адам саудалайтындар, контрабандашылар сияқты қауіпті қылмыскерлермен күресуі керек. Мұндайда енді оларға робот иттер көмектеседі.

Автоматтандырылған роботтар жерді бақылайтын болады. Ghost Robotics компаниясының өнім директоры Гэвин Кеннеллидің айтуынша, робот ит арнайы жердің кез келген түрін патрульдеу үшін жасалған. Баспалдақтарды да, тас жартастарды, төбелерді де еңсере алады.

Роботтың салмағы — шамамен 45 келі. Бұл иттерді ұрыста қолданылған жасанды интеллектпен де жабдықтауға болады. Сонымен қатар олар теміржол вокзалында пойыз вагондарын, резиденцияларды тексере алады және қаскөй адамдарға қарсы әрекет ете алады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды