Робот-төреші футболдан әлем чемпионатына төрелік етеді

Сурет: fifa.com
ФИФА алғаш рет БАӘ-де өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатында «робот-төреші» жаңа технологиясын сынай бастады. Жүйе офсайдты автоматты түрде анықтайды, деп хабарлайды Zakon.kz

«Робот-төреші» деп аталатын жаңа технология офсайдты (футболистің ойыннан тыс қалуы) жарты секундта анықтай алады. Бұл жүйе футбол стадионының шатырына бекітілген 12 бейнекамерадан тұрады.

Құрылғылар ойыншылардың және доптың қозғалысын бақылайды. Офсайд кезінде жүйе BAP төрешілеріне лезде сигнал береді. Олар өз кезегінде ұсынылған шешімді растап, оны бас төрешіге бере алады.

Сынақтар сәтті өтсе, Халықаралық футбол федерациясы бұл технологияны 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатында қолдануды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы 12 ақпанда өтеді.

Қазақстан
БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды