Шерзод Хаширбаев Олимпиада ойындарының финалына өте алмады

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Бейжіңде 2022 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл акробатикадан ерлер арасындағы жарыстың іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Оған қазақстандық Шерзод Хаширбаев қатысты. Алғашқы мүмкіндігінде спортшы финалға өте алмады. Финалға өту үшін Шерзод Хаширбаев мықты алтылықтың қатарына кіруі керек еді.

Қазақстандық спортшы бірінші бақ сынауда 109,74 ұпай жинап, 15-орынға көтерілді. Екінші квалификацияда секіру нәтижесіз болды. Бұл жолы төрешілер оған 69,23 ұпай ғана берді. Осылайша ол 13-орынға табан тіреді де, финалға өтпей қалды.

Жалпы есеп бойынша спортшы 19-орында.

Бұл іріктеуде ең үздік спортшы қытайлық Гуанпу Ци болды. Ол 127,88 ұпаймен озып кетті.

Айта кетейік, 14 ақпанда фристайл акробатикадан қазақстандық қыздар Жанбота Алдабергенова мен Маржан Қалмұрзаева сынға түскен еді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды