Қаңтарда Қазақстанда баспана бағасы көтерілді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2022 жылғы қаңтарда республика бойынша жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 386 358 теңгеге бағаланған, бұл өткен аймен салыстырғанда 2,1 пайызға қымбат, деп хабарлайды Zakon.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елордада қаңтарда бір шаршы метр 2,4%-ға қымбаттап, 490 796 теңге болса, Алматы қаласында пәтердің 1 шаршы метрі 421 725 теңгеге (+1,6%) жетті.

Түркістан облысында (7,9%), Көкшетауда (5,5%) және Ақтөбеде (4,2%) тұрғын үй бағасының тым шарықтап кеткенін байқауға болады.

Пәтерлерді қайта сату бағасы орта есеппен 409 177 теңге (1 ​​шаршы метрі) болып, өткен аймен салыстырғанда 2,8%-ға өсті.

Тұрғын үйді жалдау ақысы шаршы метріне 3 395 теңгеге жетіп, 5,2%-ға өсті.

Тұрғын үйді жалдау ақысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Шымкентте шарықтап тұр.

Алматы
Нұр-Сұлтан
Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды