Билл Гейтс: «Омикрон» пандемияның соңғы ауыр кезеңі болады

Сурет: instagram.com/thisisbillgates
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс "омикрон штаммы" пандемияның соңғы ауыр кезеңі болады әрі барлығы сонымен аяқталады деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Коронавирустың "омикрон штаммынан" туындаған ауру легі пандемияның соңғы өткір кезеңі болады деп үміттенемін, - дейді Гейтс.

Сонымен қатар ТАСС ақпарат агенттігі таратқан ақпаратта айтылғандай, миллиардер көп ұзамай бұл пандемия жайлы ұмытып, басқа дағдарыстарға ойысады деп санайды.

"Біз бәріміз басқа пандемияға саналы түрде дайындалуымыз керек", - деп нақтылады кәсіпкер.

Сөз соңында ол "қайта біздің жолымыз болды, пандемия бұдан да 10 есе қауіпті болуы мүмкін еді" деп атап өтті.

Билл Гейтс кітап жазып жатыр, ол 2022 жылдың мамыр айында шығады деп жоспарланған.

Кітапта келесі жолы пандемиядан қалай құтылуға болатындығы айтылады. Сондай-ақ кітапта адам өмірін сақтап қалу үшін қажетті инновациялар сипатталған, - делінген "Известияда" .
АҚШ
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды