Министрлік кейбір дәрі-дәрмек неге қымбаттағанын түсіндірді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Дәрілердің 770 түріне шекті баға белгіленді. Сараптамаға сүйенсек, дәрілердің 90%-ы қымбаттамаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігі баға өсуіне жол бермеу үшін шекті баға белгіледі. Бұл мәселе бұйрықпен реттеледі. Дәрілердің 770 түріне шекті баға белгіленген. Сараптамаға сүйенсек, 90% жағдайда дәрі-дәрмек қымбаттамаған.Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев

Вице-министр дәрі-дәрмектің 10%-ында ғана баға өскенін, бірақ бұл халықаралық нарықтағы жағдайға да ұқсас екенін айтты.

Болашақта оларды (жеткізушілер – ред.) жоғалтып алмау үшін біз осындай өсімге келісуіміз керек еді. Әңгіме 300-ге жуық зат шығатын мекеме жайында. Дәрілік заттардың 90%-ында қымбаттау болған жоқ. Тіпті дәрі-дәрмек 14%-ға арзандағаны да бар.Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды